ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов әкімдіктерге көміртегін азайту бойынша жобаларға қолдау білдіруді тапсырды. Ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобаларын мысал ретінде атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы талқыланды.
«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталов шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 164 мыңнан астам кәсіпкер қатысқанын айтты. Олардың 4 мыңға жуығы ірі бизнес, ал 160 мыңнан астамы шағын және орта бизнесті құрады. Шараға қатысушылар экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіріп, аулаларды, елді мекендер мен қалаларды тазалауға белсене қатысты.
2024 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында кәсіпкерлер 189 мың тоннадан астам қоқыс жинады, бұл келтірілген залалдың мөлшерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары дәрежесін көрсетті.
Қараша айында өткен «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» атты Палата форумында экологияны қорғап, ESG-тәжірибелерін енгізуге елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерге «Адал азамат» сыйлығы табысталды.
Кәсіпкерлер су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарына белсене қатысып, аумақ, саябақтарды, скверлер мен ауылдарды көгалдандыруды жалғастыруда, - деді Баталов.
Сонымен қатар, бизнес-қауымдастық өкілі қараша айында Палата қабырғасында парниктік газдар шығарындыларын сатып алу туралы келісімге қол қою рәсімі өткенін де еске салды.
Emission Removal purchase Agreement (ERPA) Алматы облысында іске асырылып жатқан Қазақстандағы алғашқы орман-климаттық жоба.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов экология үшін де, бизнес үшін де өзара тиімді бастамаға қолдау білдірді.
Алматы облысындағы жоба назар аударарлық әрі барлық қолдауға лайықты. Осындай жобаларды өзге өңірлерде де жүзеге асыру қажет. Аталмыш жобаға мен барлық әкімдіктің назарын аударуды сұраймын,- деді Премьер-Министр.
Естеріңізге сала кетейік, SEFE және SAFC бірлестіктері шетелдік инвестицияларды тарту үшін кең мүмкіндіктер ашуда.
Оң экологиялық әсерден бөлек, жобаның қызметі жергілікті әлеуметтік және экономикалық ортаға әсер етіп, аудан тұрғындарын жұмысқа орналастыру және оқыту мүмкіндіктерін туғызады. Қысқару болжамына сәйкес, 30 жылда 1,2 млн тонна СО2экв, 1 жылда 1 гектарға 26 тонна СО2экв жойылады.
Жоба бойынша серіктес ретінде британдық SEFE компаниясы күрделі салымдардан басқа жобаны әзірлеу, бақылау, сенімділікті тексеру, сондай-ақ маркетингтік қызметтерді ұсынады.
Қол қойылған келісім экологиялық бастамаларды іске асыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Осы келісім аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесу өтіп, онда пилоттық орман-климаттық жобаны іске асыру үлгісі қаралды.
Сол кезде Үкімет басшысы Олжас Бектенов орман ел үшін басым бағыт болып табылатынын атап өтті. Ол экожүйелерді қалпына келтіруге, көміртегін азайтуға және жасыл экономиканы дамытуға байланысты жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдай жасауға ұмтылатынын атап өтті.
Бүгінде барлық қажетті процедуралар сәтті аяқталып, алғашқы оффтейк-келісімшартқа қол қойылды. Бұл көміртегі шаруашылығы саласындағы өз бастамаларын жүзеге асыру үшін жинақталған тәжірибені пайдалана алатын басқа қатысушыларға мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам болды.
Мұндай жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасын әртараптандырудың жаңа кезеңін білдіреді. Агро-индустриялық аймақтар шеңберінде көміртекті егіншілік технологиялары енгізілуде. Бұл ауылшаруашылық өндірісінен пайда табуға, сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларының саудасынан қаражат табуға мүмкіндік береді.