ҰҚК бұрынғы басшысы «Барыс» орденімен наградталды

3 Қыркүйек 2019, 15:24
2146
Бөлісу:
ҰҚК бұрынғы басшысы «Барыс» орденімен наградталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҰҚК экс-басшысы Сәт Тоқпақбаевқа мемлекеттік награда тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

«2019 жылғы 3 қыркүйекте ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Орталық аппарат ғимаратында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа салтанатты жағдайда мемлекеттік награда – І дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды», - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Кәрім Мәсімов оның Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.   

Өзгелердің жаңалығы