Қордайдағы төбелес: Оның себептері тереңде жатуы мүмкін – Абаев

13 Ақпан 2020, 21:50
1530
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес: Оның себептері тереңде жатуы мүмкін – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар арнасындағы "Ашық диолог" бағдарламасында Жамбыл облысында болған қазақтар мен дүнгендердің арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді.

Ішкі істер министрлігі оқиғаның хронологиясын жасады. Оның себебі – тұрмыстық сипатқа ие екені анықталды. Олар мәмілеге келген. Алайда мессенджерлерде зорлық-зомбылыққа шақырған, эмоцияға толы пікірмен сүйемелденген видеоның кесірінен сырттан кісілер іске араласып кеткен. Десе де бұны кездейсоқ қақтығыс деп айтуға тағы келмейді. Бәлкім, оның себептері тереңде жатуы да мүмкін. Міне, сол үшін қатаң кадрлық шешімдер қабылданды. Облыста әкім ғана емес, күш құрылымдарының басшылары да ауысты. Істің барлық мән-жайын қазір арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр, – деді министр.

Министр Қазақстанның әрбір азаматы заң алдында бірдей екенін және кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасағандар жазаланатынын айтты.
Билік кінәлілерді қазақ немесе дүнген деп бөлмейді. Олардың бәрі де – Қазақстан Республикасының азаматтары. Заң алдында олар тең жауап береді, – деді ол.


Өзгелердің жаңалығы