Қордайда ірі көлемде темекі контрабандасы ұсталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қордай» шекара отрядының «Қарасу-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасынан біздің елге «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 23 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</h4>

 9 Сәуір 2019 2019, 14:02
9 Сәуір 2019 2019, 14:02
2224

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қордай» шекара отрядының «Қарасу-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасынан біздің елге «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 23 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Оның автокөлігін арнайы тексеру кешенін қолдана отырып тексерген кезде кузовы мен тіркемесінен әртүрлі маркалы, Тәжікстанның акциздік маркалары жапсырылған темекі өнімдері табылды. Заңсыз енгізілмек болған, жалпы саны - 418 144 қорап темекі Қордай аудандық мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды", - делінген таратылған ақпаратта.


Наверх