Қордай ауданында ауыл әкіміне қылмыстық іс қозғалды

26 Маусым 2020, 17:35
1411
Бөлісу:
Қордай ауданында ауыл әкіміне қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қордай ауданы ауылдық округінің әкімі мен осы әкімдіктің есепшісіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Олар кәсіпкерлік субъектілерін алдау жолымен, қолма-қол ақшаға айналдыру және кейіннен жымқыру үшін олардың есеп шоттарын пайдалану арқылы әкімдіктің мұқтаждарына қызмет көрсетуге және тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған 1,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыруда күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында Жаңғызтөбе станциясының басшысы қарамағындағы адамды жұмыстан босату үшін 200 мың теңге алды деп айыпталғанын айтты.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ филиалы – Семей бөлімшесіндегі Жаңғызтөбе станциясының басшысы К. И. Исмурзинге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 28-бабы, 4 бөлігі және 367-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі аяқтады. К.И. Исмурзин қарамағындағы теміржол станциясындағы кезекші Е. К. Есенбаевты жұмыстан босату туралы оң шешім қабылдау үшін ШҚО көліктік бақылау инспекциясының лауазымды адамдарына 200 000 теңге көлемінде қолма-қол пара беруге итермелеген, - деді тергеуші.
22 маусымда Семей қалалық сотының үкімімен К. И. Исмурзиннің ҚР қылмыстық кодексінің 28-бабы, 4-бөлігі және 367-бабы, 2-бөлігі бойынша екі жылға бас бостандығы шектелді және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы