«Ордабасы» сырт алаңда «Мақтаралдан» басым түсті

футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-турында «Ордабасы» сырт алаңда «Мақтаралды» сүріндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Мамыр 2023 2023, 00:25
АВТОР
 qazaquni.kz 14 Мамыр 2023 2023, 00:25
14 Мамыр 2023 2023, 00:25
1169
Фото: qazaquni.kz

футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-турында «Ордабасы» сырт алаңда «Мақтаралды» сүріндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл екі команданың турнир кестесіндегі жағдайы түрліше болып тұр. «Ордабасы» топ басындағы үздіктер қатарында келе жатса, «Мақтарал» көш соңына жайғасқан.

Ойынның алғашқы сәттерінде шымкентік клуб тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде 4-минутта «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген өз командасын алға шығарды.

Екінші кезеңнің 54-минутында «Мақтарал» сапынан Петрос Аветисян таразы басын теңестірді.

Ойынның 92-минутында Всеволод Садовский шымкенттік клубты тағы да алға шығарды.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Наверх