«Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды

 Жасанды интеллект көмегімен жасалды / fc__ordabasy 26 Қазан 2026, 08:43
26 Қазан 2026, 08:43
189
Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды / fc__ordabasy
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды.

«Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы матчтың 2:2 есебімен аяқталуы шымкенттік клубтың чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді.

Осылайша, «Ордабасы» тарихында екінші рет ел чемпионы атанды.

Бұған дейін команда 2023 жылы Қазақстан чемпионатында топ жарған еді.

Наверх