«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері тағайындалды

Молдовалық маман Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді.

22 Желтоқсан 2024 2024, 13:47
 instagram.com/fc__ordabasy 22 Желтоқсан 2024 2024, 13:47
22 Желтоқсан 2024 2024, 13:47
741
Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Молдовалық маман Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді.

Қазірге дейін бапкер сол елдің «Петрокуб» командасында тізгінін ұстады. 2023/2024 жылғы маусымда аталған ұжыммен Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алды. Команда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетті.

Молдовалық маман 1974 жылдың 27 маусымында дүниеге келді. Футболшылық мансабында қорғаушы, жартылай қорғаушы шебінде ойын көрсеткен.

2008 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады. Екі жыл бұрын «Петрокуб» клубының тізгінін ұстады.

Наверх