Оразалы мен Думанға 5 млн теңгеден сыйақы берілді

30 Қараша 2022, 21:18
878
Бөлісу:
Оразалы мен Думанға 5 млн теңгеден сыйақы берілді

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президентіміз ұлықтау рәсімінде нағыз қаһармандардың халық арасында екенін айтқан еді. Соның дәлеліндей біздің жерлестеріміз Оразалы Асылханов пен Думан Кәкенов екі әйел мен екі баланы құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмекті  көрсетіп, кәсіби деңгейде әрекет етті.  

Бұқар жырау ауданының тұрғыны Думан Кәкенов суға батып бара жатқан көлікті көріп, осы көліктің жолаушысы болған Оразалыға  жолаушыларды құтқаруға бағытталған алғашқы шараларды іске асыруға көмектесті.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жерлестеріміз қайғылы жағдайға жол бермеді. Соған байланысты Думан Кәкенов пен Оразалы Асылхановты әрқайсысын 5 млн теңге көлеміндегі сыйақымен көтермелеу туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар Оразалыны жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеміз. Бұған қоса, Қарағанды облысының ТЖД бұл жігіттерді марапаттауға ұсынатын болады, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы