Оразалин облыстағы орташа айлық жалақы қанша теңге екенін айтты

22 Маусым 2021, 13:21
1751
Бөлісу:
Оразалин облыстағы орташа айлық жалақы қанша теңге екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Бүгінде біз жұмыссыздықтың өсуіне жол берген жоқпыз, оның деңгейі 4,8% -ды құрайды. 5 ай ішінде 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Олардың жартысы - тұрақты. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де орташа республикалық деңгейден төмен қалыптасты – 2,5%, - деді Оразалин.

Әкім атағандай, биыл 53 мың жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмысқа орналасуға жәрдем беру жоспарланған, бұл мақсатқа шамамен 10 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда, орташа айлық жалақы 196 мың теңгені құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16,5% - ға артық. Соның ішінде бұған жыл басынан бері облыстағы 40-тан астам ірі және орта кәсіпорынның 30 мыңнан астам қызметкердің жалақысын орта есеппен 15%-ға көтерудің арқасында қол жетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы