Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында ораза ұстау кезінде ниет етудің маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі таратқан ақпаратқа сәйкес, ниет ету — оразаның дұрыс болуы үшін міндетті шарт. Ниетсіз жасалған құлшылық қабыл болмайды.
Егер адам таңғы ниетсіз күні бойы тамақтанудан, ішуден және басқа да оразаны бұзатын нәрселерден бас тартса, оның оразасы саналмайды. Ол бұл күннің қазасын өтейді, бірақ каффарат (жаза оразасы) өтеуге міндетті емес, — делінген хабарламада.
2025 жылы Рамазан айы 28 ақпан кешінде басталып, 1 наурыз күні алғашқы ораза күні болды. Ораза 30 күнге жалғасып, 30 наурызда Ораза айт мерекесімен аяқталады.