Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткендерге жолда құрма мен су таратқан маңғыстаулық полицейлер елді сүйсінтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасы қызметкерлері ауызашар уақытында көшедегі жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне құрма мен су таратып, игі іс атқарды. Жолда кептеліс пайда болуы мүмкін, өзге де бір белгілі себептермен ораза ұстаушы жан діттеген орынға ауыз ашу үшін дер кезінде жетпей қалуы мүмкін осылайша дәл ауызашар уақытында су мен құрма тарату арқылы полиция қызметкерлері ораза ұстаған жандардың қажеттілігін қамтығысы келді, - делінген Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті таратқан ақпаратта.
Жол сақшыларының ықыласы мен ілтипатына қала тұрғындары ризашылығын білдірді.