Оралов министрлікке шағыммен келген киногерлер туралы пікір білдірді

25 Мамыр 2023, 11:34
892
Бөлісу:
Оралов министрлікке шағыммен келген киногерлер туралы пікір білдірді
Фото: Үкімет

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов министрлікке шағыммен келген киногерлер туралы пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, 20 мамырда ұлттық кино орталығынан жобаларды іріктеу үшін тәуелсіз комиссия құруды талап еткен киногерлер Мәдениет және спорт министрлігінің алдына барған болатын. Олар орталыққа 290 киножоба жолданғанын, соның ішінде 130 киножоба іріктеуден өтіп, 150-ден астамы кері қайтарылғанын айтты.

Киногерлер іріктеу конкурсы әділетсіз өтті деп есептейді.

Бүгін Үкімет отырысынан соң ведомства басшысы Оралов киногерлердің мәселесін шешу үшін тәуелсіз комиссия құрылғанын айтты.

Киногерлермен қажет болса кездесеміз, бірақ осыған дейін бірнеше рет кездесу болды. Олармен комитет төрағасы, вице-министр кездесті. Құрамына Мәдениет комитетінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы өкілдері енген тәуелсіз комиссия жұмысын бастап кетті. Комиссия жұмысының қорытындысын қосымша хабарлайтын боламыз, – деді Мәдениет және спорт министрі.

Өзгелердің жаңалығы