БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі өндірумен айналысқан 1983 жылғы оралдық тұрғынды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Санкцияланған тексеру жұмыстарын жүргізу барысында оның тұрғылықты жерінен арнайы фитодәрілік зертхана ретінде жабдықтаған жасырын бөлме табылды. Бөлменің қабырғалары пластик фольгамен қапталған, жарықтандыру өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты және жылу шамдарымен жабдықталған, сору жүйелері орнатылған, градустық аспаптары бар ауа дымқылдатқышы орнатылған.
Күдіктіден 127 түп құрамында есірткісі бар өсімдік пен оны өсіруге арналған түрлі тыңайтқыштар тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,1 келі қарасора екендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.