Оралдық кәсіпкердің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

8 Тамыз 2022, 12:58
1786
Бөлісу:
Оралдық кәсіпкердің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО құқық қорғау органдары таратқан мәліметке сүйенсек, тәртіп сақшылары Оралдағы кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген екі адамды ұстады. 

Еске сала кетейік, 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында Оралдағы қалалық саябақтың тұрағында 49 жастағы кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің денесі табылды. Аса ауыр қылмысты жасады деген күдікке екі ер адам ілінді. Оларды іздеуге БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

Полиция күдіктілердің атын атады, олар: 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы мен 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлы. 

БҚО ПД кісі өлтірудің себебін атады. Берілген куәгерлік түсініктеме негізінде қылмыстың себебі – тұрмыстық сипатта болған. 

Өзгелердің жаңалығы