Оралдағы жарылыс. Үйінді астынан екі адамның денесі табылды

4 Қаңтар 2024, 10:45
1004
Бөлісу:
Оралдағы жарылыс. Үйінді астынан екі адамның денесі табылды
VIDEO
Фото: instagram.com/batysqaz_tjd

Оралдағы дәмханада болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі Орал қаласындағы дәмханада болған жағдайға қатысты тың ақпарат таратты.

Белгілі болғандай, үйінді астынан 6 адам құтқарылды. Оның 5-еуі медициналық мекемеге жеткізілді. Ал біреуі медициналық көмектен бас тартты. 

Жарылыс болған жерге БҚО ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем қызметін қоса алғанда 110-нан астам адам мен 30 техника жұмылдырылды. Қазір ТЖД қызметкерлерінің арқасында үйінді астынан 6 адам құтқарылды. Оның 5-еуі медициналық мекемеге жеткізілді. Ал біреуі медициналық көмектен бас тартты. Сонымен қатар қаза тапқан екі адам анықталды. Олардың жеке тұлғалары анықталуда. Үйінді астында басқа да адамдардың бар болуы ықтимал. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады төтенше жағдай қызметіндегілер.

БҚО ТЖД штабында  8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі ұйымдастырылды.

Еске салсақ, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан ғимарат қирап, арты өртке ұласты.

Өзгелердің жаңалығы