Оралда жүргізуші куәлік пен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген 21 жастағы тұрғын ұсталды, ер адам Prizma stop бағдарламасының көмегімен құрықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол ережесін бұзғаны үшін жалпы айыппұл сомасы шамамен 700 мың теңге болған. Полицейлер ұстағанда көлік жүргізген жігіт жасырынуға тырысып, тіпті қарсылық көрсеткен.
Жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 4-бөлігі және 590-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.