Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оралда жұмысшыны станок қысып қалды

Бүгiн, 21:51
196
Бөлісу:

Орал қаласындағы ЖШС-тердің біріне қарасты шұжық цехының аумағында қайғылы жағдай болды. 40 жастағы жұмысшы өндірістік станоктың арасында қысылып қалып, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған деректі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті растады.

Оқиға өндірісте қаралып жатыр, тиісті жұмыстар жүргізіледі, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Ал БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамның өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы