Орал қаласында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 31 желтоқсан күні сағат 23.50-де Зачаган кентіндегі Е.Брусиловский көшесі бойында болды.
Жеңіл автомобильмен түйіскеннен кейін облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының санитарлық көлігі бағанаға барып соғылған.
Апат салдарынан жеңіл жарақат алған екі медицина қызметкері облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем тағайындалды. Жеңіл жарақат алған автокөлік жүргізушісі ауруханаға жеткізуден бас тартты. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан жол-көлік оқиғасы бойынша анықтау және тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.