Оралда жаңадан құрылған жол тосқауылына автокөлік соғылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда "ВАЗ 2115" көлігі жол бойына орнатылған блок-бекетке соғылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. </h4> <br>

 31 Наурыз 2020 2020, 04:19
31 Наурыз 2020 2020, 04:19
2223

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда "ВАЗ 2115" көлігі жол бойына орнатылған блок-бекетке соғылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты 30 наурызда 21.30-да Жәңгір хан көшесінің бойында бағдаршамның жанында болған. Күшті соққыдан бетон блоктардың бірі 4 метрге жылжыды.

 Облыстың полиция департаментінің мәлімдеуінше, апаттан ешкім зардап шекпеген.

Айта кетейік, 31 наурыздан бастап Орал қаласында және БҚО-да коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар жаңа шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, жол бойына блок-бекеттер қойылған.



Наверх