Оралда үй кезегіндегі 44 отбасы баспаналы болды

Бөлісу:
Оралда үй кезегіндегі 44 отбасы баспаналы болды
Фото: архив

Тәуелсіздік мерекесі күні Орал қаласында 44 отбасы қоныс тойын тойлады. Олардың барлығы да – баспанаға мұқтаж жандар ретінде жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегіне тіркелгендер, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Одан бөлек жыл соңына дейін шаһарда кезектегілерге тағы 30 пәтер, ал «Отбасы банк» салымшыларына 400 пәтер тапсырылмақ.

Әлеуметтік осал топтар жергілікті атқарушы органдар кезегінде тұрған бір топ азаматтарға жаңа баспана кілті беріліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар есебінен 200-ден астам пәтер кезекте тұрған азаматтарға пәтер берілген болатын. Сонымен қатар «Ақжайық» шағынауданындағы 5 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтап, рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр. Ол «Отбасы банк» салымшыларына арзандатылған несие, төмендетілген мөлшерлемемен жаңа пәтерлер осы бағытта беріледі, - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов.

Биыл Оралда тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алды. Су тасқынынан зардап шеккендерге 451 үй жаңадан салынса, 2 мыңнан астам пәтер сатып алынды.

Өзгелердің жаңалығы