Бұл туралы Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция баталонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болған.
Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деді Е.Уәлиев.