Оралда ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан үйден адамды құтқарды

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 1974 жылы туған әйелді тауып, оны далаға алып шықты.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 02:20
Бүгiн 2026, 02:20
131
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Орал қаласында Украинская көшесі бойында шаруашылық құрылысы мен жеке тұрғын үйде өрт шығып, кейін жалын көрші үйдің шатырына тараған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер барлау барысында үй ішінен 1974 жылы туған әйелді тауып, оны далаға алып шықты.

Сондай-ақ құтқарушылар бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, көрші үй оттан аман қалды.

Өрт жалпы 170 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 Құтқарылған әйелді медицина қызметкерлері тексерді. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Наверх