Оралда тұрғын үйдің жертөлесінен 15 бала эвакуацияланды

Өрт сөндірушілердің баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуацияланды.

 Фото: ТЖМ 4 Мамыр 2025 2025, 15:23
4 Мамыр 2025 2025, 15:23
951
Фото: Фото: ТЖМ

Орал қаласында С.Тюленина көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 40 шаршы метр алаңды қамтығаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуацияланды.

Өрт толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген хабарламада.
 

Наверх