Оралда телефон ұрлап, 6,5 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

Кеше, 21:27
132
Бөлісу:
Оралда телефон ұрлап, 6,5 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды
Фото: -архив

Орал қаласында телефон ұрлап, 6,5 миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Орал қаласының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы азаматты ұстады. Ол 30 жастағы ер адамның ұялы телефонын ұрлап, оның депозиттік шотынан 6,5 миллион теңге аударып жібергені белгілі болды. 

Тергеу барысында жәбірленуші күдіктіні жақын арада ғана танығаны анықталды. Сеніміне кірген күдікті оның ұялы телефонын иемденіп, банктік шотына қол жеткізген, - делінген ақпаратта. 

Бұдан бөлек, бір күн бұрын полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді қолға түсірді. Ол алаяқтық жолмен көру қабілеті нашар әйелдің атынан 500 мың теңге несие рәсімдеген. Күдікті көмек көрсету ниетін алға тартып, сенімге ие болған соң, мобильді банкинг қосымшасы арқылы несие рәсімдеп үлгерген. 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Полиция қызметкерлері азаматтарға бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болуға, қаржылық операцияларға байланысты барлық құжаттар мен қосымшаларды мұқият тексеруге кеңес береді. Қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің мүлкіңіз бен қаржыңызды қорғауға көмектеседі, - деп ескертті полициядан.

Өзгелердің жаңалығы