Оралда саусағына бұранда киіліп қалған қызға құтқарушылар көмектесті

Әкесі мен қызы Батыс Қазақстан облысы құтқарушыларының көмегіне жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 22 Тамыз 2024 2024, 23:15
22 Тамыз 2024 2024, 23:15
1170
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Әкесі мен қызы Батыс Қазақстан облысы құтқарушыларының көмегіне жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оралдағы Жедел-құтқару жасағының базасына әкесі 2013 жылы туған қызын алып келді. Ол саусағына бұранданы киіп, өз бетінше шеше алмаған. Құтқарушылар ісінген саусақты ұста құралдарының көмегімен ерекше әшекейден арылтуға көмектесіп, медициналық көмек көрсетіп, баланы алғысын білдірген әкесіне табыстады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ ата-аналарды балаларын қадағалап жүруге шақырады.

Наверх