Оралда ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 polisia.kz 5 Тамыз 2023 2023, 08:00
5 Тамыз 2023 2023, 08:00
1035
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің CyberPol қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралдағы жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.
Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Оралдағы полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Наверх