Орал қаласындағы шағын аудандардың бірінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері – полиция майоры Нұрбек Қыдыров пен полиция капитаны Бисен Ернар түтінді байқап, дереу оқиға орнына барған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында өрттің пәтердің қонақ бөлмесінде тұрмыстық заттар мен электр техникаларының жануынан шыққаны анықталды. Полицейлер жағдайдың қауіпті екенін ескере отырып, тұрғындарды жедел түрде эвакуациялауға кірісті.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлескен әрекет нәтижесінде 10 адам құтқарылып, барлығы 45 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында адам шығыны мен ауыр зардаптарға жол берілген жоқ.