Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оралда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

10 Желтоқсан 2024, 07:38
586
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігіОра
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігіОра

ТЖМ құтқарушылары газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, түнде Оралдың маңындағы Деркөл кентінде 2 пәтерлі тұрғын үйдегі 1 пәтер жанып, 1 газ балонының тарсылы орын алды.

Дереу өрт сөндіруге кіріскен құтқарушылар барлау барысында жанып жатқан пәтерден 1 газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды, - делінген хабарламада.

Өрт 60 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы