Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оралда оқушылар мінген автобус өртенді

14 Маусым 2023, 01:25
966
Бөлісу:

Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус отқа оранды. Оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында "ПАЗ" жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, - делінген хабарламада.

Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры “Балауса” лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлады министрліктегілер.

Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс түспеген.

Өзгелердің жаңалығы