Оралда көліктен төрт жасөспірімнің мәйіті табылды

8 Қаңтар 2023, 16:40
1560
Бөлісу:
Оралда көліктен төрт жасөспірімнің мәйіті табылды

Батыс Қазақстан облысында полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында көліктен 4 адамның денесін тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік ауылдың "Сарытау" шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.

Көліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз бен 2 жігіт және 2004 жылы туған жігіт) өлімнің алдын ала себебі - көмірқышқыл газынан улану, - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы