Оралда карантин күшейтілді

7 Сәуір 2021, 14:47
1550
Бөлісу:
Оралда карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында халықтың қозғалысын түнгі сағат он екіден таңғы алтыға  дейін шектеу туралы шешім қабылданды, деп жазды Хабар24.

Жаңа қаулыға сәйкес енді тұрғындар жеке көліктерімен тек шұғыл жағдайлар бойынша ғана шыға алады. Мысалы, медициналық мекемеге баруға, дәріханалардан дәрі-дәрмек сатып алуға ғана рұқсат берілмек. Түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер «109» телефоны бойынша өтініш қалдыруы немесе STOPCOVID.KZ сайтына тіркелуі тиіс. 

Сондай-ақ сауда үйлері мен өзге де орталықтар, сұлулық салондары жексенбі күндері ғана жұмыс істемейді. Жаңа қаулы сәуірдің 9 бастап күшіне енеді.

Жағдай өте күрделі. Соңғы аптадағы салыстырмалы түрде қарасақ, бізде облыста 21%-ға коронавирус инфекциясының көрсеткіштері өсті. Мектептегі оқушылар саны 15 балаға дейін қамтылатыны айтылды. Тамақ дүкендерін де түнгі 11-ге дейін қойдық. Себебі сағат түнгі 00:00-ден бастап көп адамның жүруіне шектеу қойылған болатын, - деді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұхамғали Арыспаев.



Өзгелердің жаңалығы