Жаңа нысанда жылына 1500-ден астам зерттеу тегін жүргізілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Өңірде жыл сайын онкологиялық дертке шалдыққан 1300 сырқат жаңадан анықталады. Ең көп нақтыланған дерт сүт безінің ісігі болса, екінші орында өкпенің қатерлі ісігі тұр. Аймақтар арасында өкпе обырына шалдыққандардың ең көбі Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Енді жағдайды жақсартуға жаңа орталықтағы заманауи құрал-жабдықтардың септігі тимек.
Республикалық онкологтар қауымдастығының өкілдері батысқазақстандық әріптестеріне 4 бронхоскопты тарту етіп отыр. Құлмұхаммед Әбдіғалиев, БҚО онкодиспансерінің бөлім меңгерушісі:
Біздің қазіргі проблеманың бірі – өкпенің қатерлі ісігін анықтау сатысы. Көп жағдайда 3-4 сатыда анықталып жатады. Сондықтан кеш анықталғандықтан, емдеуге қиын беріледі. Сол себепті бұл мәселенің шешімінің бірі болып, ерте сатысында анықтауға көмектесетін құрылғылардың бірі – видеобронхоскопия аппараты. Оның бір жылдық зерттеуіне шамамен мың жарым науқасты өткізуге болады, - деді БҚО онкодиспансерінің бөлім меңгерушісі Құлмұхаммед Әбдіғалиев.