Оралда сорғы стансасын жөндеу кезінде құбыр жарылып, екі жұмысшы кәріз суына батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін Исатай – Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасында болған.
Жедел жәрдем сағат 11.11-де шақырылды. Кәріздік сорғы стансасындағы жөндеу жұмыстары кезінде шахтада құбыр жарылған. Соның салдарынан «Батыс су арнасы» ЖШС-нің 1971 және 1982 жылғы жұмысшылары оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір тиісті органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.