Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің ең үздік дзюдошылары Оралға жиналды. Бұнда жапон жекпе-жегінен ересектер арасындағы ішкі біріншілік өтті. Биылғы бәсекеге 400-ден аса спортшы қатысты. Олар 3 күн бойы 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады, деп жазды Хабар24.
Нәтижесінде, жақсы өнер көрсетіп, ерекше көзге түскендері ұлттық құрамаға алынды. Атап айтқанда, жеңіл және орта салмақтарда Мағжан Шамшадин, Ермек Амангелді және Жансай Смағұловтар топ жарды.
Ауыр салмақтарда Бекәділ Шаймерденов, Әділет Миссин және Нұрлыхан Шархан, ал аса ауыр салмақта жергілікті Темірлан Көлбай қарсылас шақ келтірмеді.
Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова, Гаухар Ирмағамбетова, Севара Нышанбаева, Саера Мырзахметова, Зере Бектасқызы, Аруна Жангельдина және Алматы облысынан келген Камила Берліқаш ел чемпионы болды.
Бір айта кетерлігі, осы және өзге де жүлгерлерге ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметов арнайы сыйақы табыстады.