Бүгін Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті кәсіпкерлерді бопсалап келген Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып шықты. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған екен. Ұсталғандардың тұрғылықты жерін тінту кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: