Оралда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 22:50-де Оралда 2019 жылы туған жас сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

 baq.kz 9 Шілде 2024 2024, 04:39
9 Шілде 2024 2024, 04:39
820
Фото: baq.kz

Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 22:50-де Оралда 2019 жылы туған жас сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы 7 шілде күні түсте бес жасар баланың үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін хабарлаған. Сәби облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Наверх