Оралда баланы зорлады деп күдікке ілінген шенеуніктің өлімі: Жаңа деректер шықты

Ер адам есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

 pixabay Бүгiн 2026, 13:37
Бүгiн 2026, 13:37
245
Фото: pixabay

БҚО Полиция департаменті Оралда 16 жастағы бойжеткенді зорлады деп күдікке ілінген шенеуніктің өліміне қатысты болжамды себепті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2026 жылдың 25 ақпанында 57 жастағы ер адам заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынған.

Алайда, 11 наурызда денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты күдікті Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Денсаулығының нашарлауына байланысты ол ауруханаға  бауырдың уытты зақымдануы, бауыр некрозы, инсулинге тәуелсіз қант диабеті (кетоацидозбен) диагнозымен жеткізілді. 2026 жылдың 16 наурызында сағат 18:10-да ер адам есін жимастан қайтыс болды, - деп нақтылады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сәйкес Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін баланың әкесі шенеунікті кәмелетке толмаған қызын зорлады деп айыптаған болатын. 

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған қызға жасалған зорлыққа қатысты анасы мен қызы мәлімдемесін өзгертті.

 

 

Наверх