Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда түс ауа қатты дауыл тұрып, жұртты әбігерге салды, деп хабарлады 24.kz.
Көше бойындағы ағаштар құлап, электр сымдары үзілген. Ұялы байланыс желісінің жұмысында іркілістер болды. Дауыл әлі соғып тұр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша Әбілқайыр хан көшесінде көліктің үстіне терек құлап, екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Желаев ауылында 8 жастағы қыз баланың басына шатырдың сынығы тиіп, ауруханаға жеткізілген.
«Одан кейін Желаев ауданынан қоңырау шалынды. Онда желдің күшеюі салдарынан шатыр сынығы 2003 жылғы қыздың басына тиген. Ол да қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем станциясына барлығы 4 қоңырау шалынды. Қазіргі таңда облыстық көпбейінді ауруханада көзіне шыны тиген ер адам қаралуда. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.