Оралда 9 қабатты үйден 15 адам эвакуацияланды

Орал қаласына қарасты Зачаганск кентінде Монкеұлы көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатындағы пәтерде өрт шықты.

 ТЖМ баспасөз қызметі 30 Тамыз 2025 2025, 05:18
30 Тамыз 2025 2025, 05:18
820
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Орал қаласына қарасты Зачаганск кентінде Монкеұлы көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Тілсіз жау ас үй мен балконды шарпыған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт қысқа уақытта сөндіріліп, жалынның басқа бөлмелерге және көрші балкондарға таралуына жол берілмеді.

Құтқару жұмыстары кезінде баспалдақ арқылы 15 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ тұрғындарға төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.

Наверх