Наурыз мейрамына орай Орал қаласының тұрғындары баспаналы болды. Шаһарға қарасты Зашаған ауылында тоғыз қабатты үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа пәтер кілттері әлеуметтік аз қамтылған, мемлекет жәрдеміне мұқтаж 80 отбасыға табысталды.
Инфрақұрылымды дамытудың тұжырымдамасына сәйкес жыл сайын кезекте тұрған отбасыларға пәтерлер сатып аламыз. Биыл 2024 жылға қосымша осындай 100 пәтер сатып алатын боламыз. Барлығын абаттандырып аяқтайтын боламыз. Сонымен қатар жолдың бойындағы салынып жатқан жаңа сквердің құрылысы биял аяқталып, осы ауданда тұратын қала тұрғындарының игілігіне беретін боламыз, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.
Облыс орталығында көпқабатты 14 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл 1400-ден аса пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Жалпы тұрғын үй кезегінде 20 мыңнан аса облысы тұрғыны тіркелген.