Оралда 400 миллион теңге жымқырған екі шенеунік сотталды

11 Наурыз 2022, 22:19
1506
Бөлісу:
Оралда 400 миллион теңге жымқырған екі шенеунік сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда 399 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.

Ақша қала нысандарының бірінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған.

Қылмыстық іс «Электромонтаж» АҚ филиалының директоры Сәрсенбаев пен Орал қаласы ММ құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Исмановқа қатысты жүргізілген.

Тергеу барысында Орал қаласындағы «ПДП тұрғын алабын электрмен қамту» нысанында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған ақшаның ұрланғаны анықталды.

Екі күдіктіге де сот үкім шығарды.

Қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Исманов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан) 2 жыл бас бостандығын шектеу, одан әрі мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Ведомствоның мәліметінше, келтірілген шығын көлемі толығымен өтелген.

Өзгелердің жаңалығы