Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші-қон заңын бұзған үшін ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратта.