Орал тұрғыны ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген, табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияның хабарлауынша, 4 тамыз күні Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында қала жанындағы Коминтерн ауданында 1990 жылы туған тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас, өсіріп-баптау іздері бар өсімдіктер табылып, тәркіленді.
Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды.