Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 21 Сәуір 2024 2024, 13:50
21 Сәуір 2024 2024, 13:50
845
Фото: видеодан кадр

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы минуттарда Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді.  Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда. БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келді. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын. Алайда жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда, - деп хабарлады ТЖМ.

Наверх