Орал қаласында 4 автокөлік соқтығысып, адамдар ауруханаға жеткізілді

25 Маусым 2023, 14:02
672
Бөлісу:
Орал қаласында 4 автокөлік соқтығысып, адамдар ауруханаға жеткізілді
Фото: Нүркен Әлішев

Орал қаласында төрт автокөлік соқтығысып, 6 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 24 маусым күні түсқайта Зачаган кентінде Е.Брусиловский көшесі мен Орал-Саратов жолы қиылысында болды.

«Дэу Нексия», «Лада Ларгус», «Шкода» және «Лада Приора» автокөліктері түйіскен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Зачаган кенті Бірлік көшесі 35-үй тұсында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша жедел жәрдем сағат 16:35-те шақырылды.

Бес минуттан кейін жеткен жедел жәрдем бригадасымен 2010, 2013, 2017 және 2015 жылғы 4 бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. 2010 жылғы қыз жақ-сүйек, бет хирургиясы бөлімшесіне стационарға жатқызылды. Қалған үшеуі жарақаттары жеңіл болғандықтан, амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Барлық пациенттердің бас-сүйек, іш қуыстары, аяқ-қолдары рентген аппаратына түсірілді. 1988 жылғы жүкті әйелге қалалық көпбейінді ауруханада көмек көрсетілді. Медициналық тексеруден кейін ол үйіне жіберілді. Жағдайы қалыпты. 2000 жылғы жігіт те травматолог, нейрохирург қарағаннан кейін амбулаторлық ем алатын болды, - деп хабарлады ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы