Орал бойынша құрылыс бөлімі басшысына қатысты тергеу басталды

13 Қазан 2021, 18:57
1647
Бөлісу:
Орал бойынша құрылыс бөлімі басшысына қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысына қатысты тергеу басталды.

Бұл туралы AntikorNews хабарлады.
Ол 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін «Н»-ның сыбайластығы арқылы ЖШС директоры «Ш»-дан пандемия кезеңінде арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткені және Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңгенің екі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бұрын келісілген аса ірі мөлшердегі 170,0 млн теңгеден 134,0 млн пара алған, - делінген хабарламада.
«Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысы және азамат «Н» ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының УҰИ-на қамауға алынды.


Өзгелердің жаңалығы