Батыс Қазақстан облысы «М.Мәметова атындағы Халықаралық әуежай» ЖШС аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-жаттығудың мақсаты - жеке құрамның шартты өрттерді сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын пысықтау.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес әуежайдың жүктерді тексеру бөлімінде өрт болды. Өрт бөлменің бүкіл аумағына таралғандықтан, жоғарғы қабаттарға да таралу қаупі туындады. Жолаушылар мен қызметкерлерге қауіп төнді. Іске қосылған өрт дабылы ғимараттан эвакуациялау қажеттілігі туралы автоматты ескерту жүйесін іске қосты. Әуежай қызметкерлері жүктерді тексеру бөлімінде өрт туралы ақпаратты өртке қарсы қызметке береді, қызметкерлер эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
Әуежай қызметкерлерінен келіп түскен хабарламаға «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері өрт орнына № 3 шақыру бойынша гарнизонның бөлімшелерінің күштері мен құралдарын жібереді.
Өрт 15 сағат 39 минутта оқшауланып, 15 сағат 43 минутта толығымен жойылды.
Өткізілген оқу-жаттығуға Қызметтің 5 бірлік негізгі техникасы және жеке құрамның 32 қызметкері жұмылдырылды.