Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталғанын хабарлады.
Вирусты жұқтырған адам 58 жастағы Орал қаласының тұрғыны.Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты үй карантиніне жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
20.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 63 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны ‒ 2.