Жалпы ауданы 6500 шаршы метрді құрайтын жаңа сауда орталығы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде орналасқан.
"Бұл көрме кәсіпкер "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мүмкіндіктерін көруі үшін өткізіліп жатыр. Кәсіпкерге нарықты талдауға: қай жерде бағдарлану керек, жеке тауарға сұранысты бағалау жүргізуге мүмкіндік беріп отырмыз. Ары қарай біз көрмені жарнамалау мақсатында Қытай тарапынан жарнама агенттігін жұмылдырамыз. Көрменің өзінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл Қытай нарығына шығудың бірігей мүмкіндігі", – деді сауда орталығының атқарушы директоры Нариман Закирьянов.
Көрмеге Қазақстан, ТМД елдері және жақын шет ел тауар өндірушілері қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сауда орталығы іскерлік кездесулерге, Қазақстан мен ТМД елдеріне шығарылатын өнімдермен таныстыру, сауда-саттық және бос уақытты өткізуге арналған тиімді іс-шаралардың алаңына айналады.